Алматы. 7 қыркүйек. ҚазТАГ – Қала күніне арналған 7 шараны өткізуге ғана Алматы бюджетінен Т670 млн астам қаржы бөлінді, деп хабарлады қаланың мәдениет және архивтер басқармасы сайтынан.
Сонымен, мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес, мәдени-тынығу жұмыстарын қолдауға, атап айтсақ, «Almaty Film Fest» халықаралық кинофестивалін өткізуге Т250 млн.бөлінген. Шара 15-19 қыркүйек аралығында өтеді.
Алматы қаласының күнінде қалалық алма фестивалін «Алма Fest-2018» өткізу Т143 млн 339 мыңға шығады. Халықаралық «Park Fest-2018» мүсіндер мен шағын сәулет формалары халықаралық фестиваліне Т189 млн 285 мың жұмсалған
Ашық аспан астында «Оркестрлер фестивалі» IХ музыка фестивалін және «Gakku Дауысы-2018» қазақстандық эстрада фестивалін өткізуге сәйкесінше Т36 млн және Т22 млн 363 мың бөлінген. Суретшілердің «Mural Fest» фестивалін ұйымдастыру және өткізуге шамамен Т25 млн, ал «Кітап Fest» – Т10 млн. бөлінген.
Осылайша, Қала күніне арналған 7 шараны өткізуге шамамен Т676 млн бөлінген.
Еске салсақ, Алматы қаласы күні қарсаңында 100-ден астам шара жоспарланған, олар 25 тамыз 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Қала күніне арналған 7 шараны өткізуге ғана Алматы бюджетінен Т670 млн астам қаржы бөлінді
