Қалақұрушы кәсіпорын кетісімен Арқалық құриды – Рау

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Боксит өңдейтін жалғыз қалақұрушы кәсіпорын кетісімен Арқалық қаласы құриды, деп есептейді ҚР инвестиция және даму бойынша вице-министр Альберт Рау.
«Арқалықтың проблемасы - игеріліп отырған кеніштерде боксит 8 жылға ғана жететіндігінде. 8 жылдан соң құрметті ENRC («Қазақстан алюминиі» тобының өндіруші және өңдеуші компаниясы – ҚазТАГ) ол жерден кетпекші. Басқа жол жоқ. Айналасындағы барлауға болатын жердің барлығын біз геологиялық барладық. Онда қызық болатын түк те жоқ. Бір ғана нысанда, 100 км қашықтықтағы, Есілдің астында 1 млрд тонна темір кені анықталды», - деді А. Рау дүйсенбі күні мәжілістегі «Моноқалаларды дамыту туралы» өңірлік саясат бойынша кеңейтілген кеңес отырысында.  
Ол, бүгіндері аталған кенішті игеруге ынта танытқан тағы бір компания барлығын айтты.
«Қазір онда (темір кенішіне – ҚазТАГ) «Тау-Кен-Самұрық» (мемлкеттік компания – ҚазТАГ) барды. Мен, ол компания, қазір боксит өндірісінде жұмыс істеп жатқан 1,5 мың адамды енді 8 жылдан соң сол темір өндірісіне алулары керек деп есептеймін. Басқа балама жоқ. Егер қалақұрушы жалғыз кәсіпорын кететін болса, Арқалықтың келешегі бұлыңғыр», - деді А. Рау.  
Оның айтуынша, тағы бірпроблема – жергілікті құс фабрикасы өз өнімдерін сыртқа шығаруда қиындықтарға тап болып отыр.
«Кезінде онда құс фабрикасы болатын, онда бір неміс тұратын, мен оны сол құс фабрикасына апарған едім. Бүгіндері онда 100 млн жұмыртқа өндіріледі, сыртқа әкету мүмкін емес. Арқалықтан Державинскіге дейін жол жоқ. Кімнен сұрауға болады? ИДМ сіздер жол саласыздар ғой. Иә, өзіме екен ғой. Жол салу керек. Әкімге де үлкен сауал. 300 адамға жұмыс беріп отырған құс фабрикасы өз қуатын 2,5 есеге арттыра алады. Бұл Арқалыққа инвестор ретінде келген жалғыз кәсіпорын. Оны қолдау керек», - деп тұжырымдады вице-министр.
Еске салсақ, бұрындары ҚР үкіметінде боксит өндірісін 2021 жылға қарай тоқтату мәселесі қарастырылған.

adimage