Алаңы бойынша рекордтық деңгейге жеткен Калифорниядағы табиғи өрт толығымен сөндірілді

Алматы. 20 қыркүйек. ҚазТАГ - Алаңы бойынша рекордтық деңгейге жеткен Калифорниядағы табиғи өрт толығымен сөндірілді, деп жазады ТАСС.
«Өрт сөндірушілер Калифорнияның солтүстігіндегі табиғи өртті толық сөндірді, ол осы америкалық штат тарихында алаңы бойынша ең ірі өрт деп танылған болатын», - делінген АҚШ Орманды қорғау федералды қызметіне сілтеме жасалған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Мендосино округінің құрметіне (өрт осы округте ағымдағы жылдың шілде айында басталған болатын) аталған өрт «100% сөндірілді». Оның жалпы алаңы 1,86 мың ш.км.асты.
Билік ақпарынша, 2 ай ішінде өрт 150-ден астам үй мен Колуза, Лейк және Мендосино округіндегі 280 құрылысты шарпыған.  Өрт салдарынан бірнеше мыңдаған адам эвакуацияланды, олардың көбі қазіргі таңда үйлеріне қайтарылды.   Өртті сөндіру кезінде бір өрт сөндіруші көз жұмды. Өрттің шығу себептері әлі күнге дейін белгісіз.  
Хабарда нақтыланғандай, бұған дейін былтыр 4 желтоқсанда Вентура округінен шыққан «Томас» өрті Калифорниядағы ірі өрт болып саналған еді.  Оның алаңы  1,14 мың ш. км. құрады. Ол кезде 2 адам мерт болып, 1 мыңнан астам үй қиратылған еді. «Томас» келтірген зардап шамамен $150 млн.

adimage