Алакөл жағалауындағы Ақши ауылында кәріз құбырының құрылысы 2020 жылы басталады

Астана. 27 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алакөл жағалауындағы Ақши ауылында кәріз құбырының құрылысы 2020 жылы басталады, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров.
«Бізде қазір Ақши ауылының кәріз құбыры бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы толық дайын, келесі жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталады», - деді Бескемпіров сәрсенбі күні «Қазақстандағы су қауіпсіздігі: жағдайы, проблемалары мен ұсынымдар» тақырыбындағы парламенттік тыңдалым барысында.
Оның айтуынша, Ақшиде қазір жергілікті кәріз жүйесі бар, ал жаңасы ауылды толық қамтитын болады.
«Бұл үлкен жоба, ол облыс әкімінің қадағалауында. Осы жылдар ішінде Ақшиде инфрақұрылым жасалды, жолдар реттелді, жарық жүргізілді және т.б., біз кезең-кезеңімен жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - деді әкім орынбасары.
Бұл ретте ол атап өткендей, Алакөл өзенінен тазартылмаған суды ағызу дерегі бойынша демалыс аумағындағы 200-ге жуық қонақ үй тексерілді.
«Ондай жағдай болды – демалыс аймақтарының біріндегі бассейннен өзенге су ағызу жағдайы, тиісті шаралар қабылданды», - деді Бескемпіров.
Еске салсақ, тамызда Алакөлге лас судың ағу дерегі тіркелді. Алматы облысы бойынша экология департаменті «AlmaTradeGroup» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру шарасын жүргізді, оның қорытындысы бойынша, бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтарға жол бергені үшін айыппұл салынып, қонақ үй су ағызған құбырын жөндеуге міндеттелді.

adimage