Алакөлге жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды- ИИДМ

Талдықорған. 15 маусым. ҚазТАГ-Алакөлге жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды, деп хабарлайды Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) баспасөз қызметі.

"15 маусымнан бастап "Алматы – Достық"бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды. Пойыз аптасына екі рет жүреді. Сонымен қатар, 18 маусымнан бастап аптасына үш рет "Алматы – Достық" қатынасындағы тағы бір жолаушылар пойызын іске қосу жоспарланып отыр", - делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
Бүгін Алакөл көлі бағытында келесі бағыттар ұйымдастырылды:

Нұр-Сұлтаннан:

- № 54/53 "Нұр-сұлтан НЖ-Достық" (жыл бойы), тасымалдаушы "Жолаушылар тасымалы" АҚ (дүйсенбі, жұма);

- №258/257 "Нұр-сұлтан-1-Достық" (20.06.21 ж. бастап), тасымалдаушы "Жолаушылар тасымалы" АҚ (бейсенбі, жексенбі);

- "Нұр-сұлтан-1-Достық" №122/6942/6941/121 (жыл бойы) пойыздар құрамындағы тікелей вагондар, тасымалдаушы "АрайТрансKZ" ЖШС (жұп күндері).

Алматыдан:

- №453/454 "Алматы-2-Достық" (жазғы 18.06.21 ж. бастап) тасымалдаушы "Тұран Экспресс "ӨК" ЖШС (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

- №21/6942/6941/22 Алматы-1-Достық (жазғы) поездар құрамындағы тікелей қатынайтын вагондар, тасымалдаушы "Жолаушылар тасымалы" АҚ (жұп күндері

adimage