Қалалық білім бөлімі Астана мектептерінің асханаларына бейнекамерлар орнатуды жоспарлауда

Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қалалық білім бөлімі Астана мектептерінің асханаларына бейнекамерлар орнатуды жоспарлауда, деп хабарлады елордалық білім басқармасының басшысы Ануар Жанғозин.
«Егер ата-ананың санитарлық кітапшасы болса, онда ол, жалпы асханаға кіріп, онда не болып жатқанын көре алады. десек те бізде көптеген мектептерде тамақ дайындайтын жер ашық. Қазір біз келесі жылдан бастап мектеп асханаларына ата-аналар тамақ дайындау процесін көре алуы үшін бейнекамералар орнатуды қарастырып жатырмыз», - деді А. Жанғозин брифингте.
Бұл ретте ол түсіндіріп өткендей, өткен оқу жылындағы (2017-2018 ж.ж.) тексерулер қорытындысы бойынша екі мектеп бойынша жосықсыз мердігерлермен шарт бұзылған.  
«Сарапшылық комиссия егер қандай да бір проблеманы анықтаса: салмағының жетпеуі, талаптардың сақталмауы – оларды актілер мен журналында көрсетеді, соның негізінде біз директорлардан шартты бұзуды талап ете аламыз. Осылайша біз екі мектеп бойынша жеткізушілермен шартты бұздық, жұмыстар жүргізілді», - деді басқарма басшысы.  

adimage