Қалалық әкімдік Алматы маңы тауларындағы шаңғы трассаларының ұзындығын алты есе арттыруға ниетті

Күні: 16:47, 21-01-2019.

Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Қалалық әкімдік Алматы маңы тауларындағы шаңғы трассаларының ұзындығын алты есе арттыруға ниетті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«Алматы әкімдігінің тапсырысы бойынша Австрияның «Master Concept» компаниясы мегаполис айналасы мен алматылық агломерацияның 2030 жылға дейінгі тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспарын жасады. (...).Шеберлік-жоспар аясында 470 км соқпа және 85 км велосипед жолдарын, 45 км атпен жүру бағыттарын, 250 км шаңғы трассаларын дамыту қарастырылған, бұл тарссалардың ағымдағы ұзындығынан 6 есе көп», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, туризм саласын дамыту мақсатында өңірдің барлық тау локациялары қамтылатын болады, оның ішінде Турген, Ақ Бұлақ, Oi-Qaragai Lesnaya Skazka, Табаған, Бутаковка, Пионер, Көкжайлау, Шымбұлақ және Қаскелең бар.
«Master Concept» компаниясының бас директоры Гернот Ляйтнер өзінің сөзінде алматылық өңірдің тау кластерінің туристік потенциалының өте жоғары екенін айтты.


Жаңалықтармен бөлісу: