Алдағы 11 жылда Алматыда 950 шақты ескі үй сүріледі деп жоспарлануда

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алдағы 11 жылда Алматыда 950 шақты ескі үй сүріледі деп жоспарлануда, деп хабарлады «Алматы қ. әкімдігі күрделі жөндеу кәсіпорны» ЖШС бас директоры Әділ Бөрлібаев.
«Қазіргі таңда Алматыда 948 ескі үй бар, олардың басым бөлігі (461 үй) Түрксіб ауданында орналасқан. Ескі үйлердің жалпы алаңы – 325,2 мың ш.м., оларда 8910 отбасы тұрып жатыр. 948 үйді сүру және жаңасын салу, оларға тұрғындарды орналастыру – «Ескі үй-2019-2030» бағдарламалық құжат, бұл әзірге әзірленіп жатқан және қаланың қарауына енгізілетін жоба». – деді Бөрлібаев бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Ескі үй туралы айтқанда, ол «ескі үй» деген заңды түсініктің және ескілік критерийлерінің жоғын атап өтті.
«Біз қандай үйлерді ескі үйлер қатарына қостық? Ең алдымен, 1921-1962 жылдары салынған үйлерді, екіншіден, күрделі жөндеу жүргізілмегендерін Ол жылдары салынған үйлердің нормасы бойынша 25 жылда бір рет күрделі жөндеу жүргізілу керек. Егер үй 1921 жылы тұрғызылса, оған осы уақытқа дейін 4 рет күрделі жөндеу жүргізілуі керек. Алайда көтеруші құрылмалар стандарттар мен нормаларға сәйкес 50 жылға ғана жарамды. Ондай күрделі жөндеу жүргізілу үшін оның барлығын сүріп, қайта тұрғызу керек. Мұның тиімсіз екені түсінікті, сондықтан біз мұндай үйлерді ескі үйлер қатарына жатқыздық», - деп түсіндірді Бөрлібаев.
Алматыда ескі үйлерді сүру бағдарламасы бойынша 2012-2015 жылдары жалпы алаңы 21,9 мың ш.м. құрайтын 56 үй сүрілып, оның орнына алаңы 176 мың шаршы метр болатын 58 жаңа үй тұрғызылып, оған ескі үйлердегі 469 отбасы көшірілді.

adimage