Алдағы 12 айда Қазақстанның құрылыс саласында негізгі капиталға инвестицияның барынша қысқаруы күтілуде

Алматы. 21 тамыз. ҚазТАГ – Алдағы 12 айда Қазақстанның құрылыс саласында негізгі капиталға инвестицияның барынша қысқаруы күтілуде, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Алдағы 12 айда барлық секторлар бойынша қаржыландыру деңгейі өзгеріссіз қалады, сонымен бірге өңдеу саласында қаржыландырудың ең үлкен өсімі, ал саудада ең төмен өсімі күтілуде. Негізгі капиталға жіберілетін инвестициялардың көлемінің ең көп төмендеуін құрылыс саласы күтуде», - делінген Ұлттық банк хабарында. 
Хабарда атап өтілгендей, «кәсіпорындардың көпшілігі үшін инвестициялық белсенділікті шектейтін басты себептердің бірі қаржы ресурстарының жетіспеушілігі болып табылады».
«Сауда кәсіпорындары үшін ең маңызды шектеуші фактор басқа кәсіпорындар тарапынан нарықтық бәсекелестік болып табылады, ал өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары үшін - олардың өнімдеріне деген сұраныстың жеткіліксіздігі. Кен өндіру өнеркәсібінің кәсіпорындарының көпшілігі үшін ешқандай шектеулер жоқ», - делінген құжатта.
Реттеуші атап өткендей, қарастырылып отырған салалардың бәрінде инвестиция көлемін төмендетуді жоспарлап отырған кәсіпорындар үлесі оларды арттыруды жоспарлап отырған кәсіпорындар үлесінен артық.
«Қаржыландырудың негізгі көздері бұрынғысынша кәсіпорындардың меншікті қаражаты болып табылады», - деді Ұлттық банктен.

adimage