Ақтау. 20 қазан. ҚазТАГ - Алдағы 2 жылда Маңғыстау облысының барлық үйлері жылу есептегіштерімен қамтамасыз етілуі керек, деп мәлімдеді облыстық энергетика және тұрғын үй -коммуналдық аруашылығы басқарма басшысының орынбасары Оспан Еңсегенов.
«Жылуды есептеу құралдары мемлекеттік бағдарлама бойынша несиеге орнатылады. Бұл мақсатқа мемлекет өңірлік даму министрлігі жанында құрылған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қорына 8 млрд тенге бөлді», - деді ол.
Облыстық әкімдікте түсіндіргендей, қордан жылу есептегішін орнатуға арналған қаржыны табиғи монополия субъектісі «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС-ға жылына 4%-бен 4 жылға бөледі.
«Бағдарлама бар, соған сәйкес МАЭК жылу есептегіштерін орнатады. Ақшалар қайтарылады. Облыстағы шамамен 800 үйдің барлығы қамтылатын болады. Екі жыл ішінде ол жүзеге асырылады. Және қазір тұрғындар үйлерінде жылу жоқ деп ұрысып жатқан болса, жылу есептегіштер орнатылғаннан кейін, олар бәрін тіркеп тұратын болады. Егер коммуналдық қызметтер жылу бермеген болса, төлеудің де қажеті жоқ. Және бұл факт бекітілген және негізделген болып табылады», - деп түсіндірді О. Еңсегенов.
Атап айтсақ, Ақтауда 2014 жылы 401 тұрғын үй нысанында 452 жылу есептегішін орнату жоспарлануда. Осы мақсатқа Т287 млн жұмсалады. Есептегіштерді орнату жоғарыда орналасқан ықшам аудандардың тұрғын үйлерінен басталады.
Мамандардың айтуынша, жылу есептегіш құралдары орнатылған үйлерде жылу энергиясын қолданғаны үшін төлем 60%-ға азайған.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еурокомиссармен кездесті9 Маусым 2023, 17:43
-
Тоқаев Босния және Герцеговина президиумы төрағасымен кездесті9 Маусым 2023, 17:07
-
7 млрд теңге айыппұл салынған Air Astana мемлекетті заң бұзды деп айыптады9 Маусым 2023, 16:49
-
Air Astana Т7 млрдқа жуық айыппұл салынды9 Маусым 2023, 16:30
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ыстық қысқа уақытқа шегінеді9 Маусым 2023, 15:43