Алдағы 3 күнде Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жаңбыр жауып, арты қарға ұласады

Күні: 14:01, 10-09-2018.

Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – 11-13 қыркүйек аралығында Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жаңбыр жауып, оның арты қарға ұласады,деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Қазақстанның батысында және оңтүстігінде әлі жаздағыдай жылы болса, республиканың қалған аумағына күз келді. Алдағы үш тәулікте дауылды ескерту бойынша солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жаңбыр күтіледі, ол сулы қарға ауысуы мүмкін, сондай-ақ 1…3°С дейін қатқақ. Ауа температурасы климаттық нормадан   2…4°С төмен болады деп болжанады, тек батыс және оңтүстікте ол норма шамасында және одан жоғары болады», - делінген синоптиктердің болжамында.


Жаңалықтармен бөлісу: