Астана. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Синоптиктер 18-20 қыркүйекте Қазақстанда жаңбыр жауады, екпінді жел тұрады деп болжауда, деп хабарлады «Қахзгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың көптеген облыстарында ауа райын анықтайтын антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне жылжи бастады. Оның орнына Ресейдің Еуропа бөлігінен циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың екі жүйесі ауысатын болады. Найзағаймен және екпінді желмен жаңбыр батыс аудандарда күтіледі, циклондар мен фронттар шығыс бағытта жылжу шамасына қарай, жаңбыр Қазақстанның басқа өңірлерінде де жауады деп күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, iшығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал ауа температурасы көтеріледі.
«Қалған аумақтарда да алдағы үш тәулікте жылы болады, тек батыста ауа температурасының төмендеуі күтіледі», - деп атап өтті синоптиктер.
Алдағы 3 күнде синоптиктер Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпініді жел тұрады деп болжауда
