Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015-2017 жылдары ҚР экономикасын дамытуға Ұлттық қордан жыл сайын $3 млрд бөлінуді тапсырды.
«Осы жағдайда (дағдарыстық – ҚазТАГ) 2015, 2016, 2017жылдары Ұлттық қордан қосымша 3 млрд доллар жыл сайын бөліп отыру қажет. Үкіметке бір аптаның ішінде Ұлттық қордан қаражатты бөлуге тиісті шешім қабылдауды тапсырамын, 2015 жылғы республикалық бюджет жобасында қажет қаражат қарастырылсын», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні Қазақстан халқына арналған жолдауында.
Ол дағдарыстық жағдайда алдыға қойған мақсатқа жету қосымша мемлекеттік қаржыландырусыз қиын екенін, ал сыртқы көздерге арқа сүйеу экономика үшін қолайсыз екенін қадап айтты.
«Қазақстан басқа елдердің қателіктерін қайталамауы керек. Экономикалық өсім үшін ол өзінің ішкі резервтерін мейлінше пайдалануы керек», - деді президент.
Бұл ретте елбасы үкімет осы бөлінген қаражаттың тиімді және үнемді игерілуіне бақылау жасау керектігін атап кетті.
«Осы мәселе бойынша мен құрған комиссия осы қаражаттың тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасайды және маған баяндап отырады. Әр теңге үшін сұрау қатаң болады», - деп ескертті Н. Назарбаев.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясына қатысу үшін Дубайға келді1 Желтоқсан 2023, 16:31
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар күтіледі1 Желтоқсан 2023, 14:47
-
Ұлттық қордан трансферттерге және «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына $1,32 млрд жұмсалды1 Желтоқсан 2023, 12:50