Алдағы екі күнге Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 17 ақпан. ҚазТАГ - Алдағы екі күнге Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«17 ақпанда Ақмола облысында қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді», - делінген жексенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90% деп бағалауда.
«17 ақпанда Солтүстік Қзақастан облысында қар күтіледі, кей жерлерде тұман, жаяу сырма соғады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
Метеорологтардың ақпарынша, 17-18 ақпанда Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-85%.

adimage