Алдағы екі тәулікке Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 18:06, 03-06-2019.

Астана. 3 маусым. ҚазТАГ – 5-6 маусымда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«5-6 маусымда Солтүстік-Қазақстан, Акмола, 6 маусымда Павлодар облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с. Кей жерлерде тұман, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Ауаның температурасы түнде 2-7, кей жерлерде 10, күндіз 10-15, кей жерлерде 18 градусқа дейін төмендейді. 5 маусымда Қостанай облысында ауа температурасы түнде 2-7, кей жерлерде 10, күндіз 10-15, кей жерлерде 18 градусқа дейін төмендейді», - делінген дүйсенбіде таратылған дабылды ескертуде.
Дабылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.


Жаңалықтармен бөлісу: