Алдағы екі тәулікте Алматыда жылымық қар жауады

Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ – Алдағы екі тәулікте Алматыда жылымық қар жауады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«Ауа райы болжамына сәйкес, 4 қараша түнінен 5 қарашада қар аралас жауын-шашын күтілуде, ол арасындағы үзіліспен 6 қарашаның алғашқы жартысына дейін созылады. 4-нен 5 қарашаға қараған түні ауа температурасы 0 градус шамасында, күндіз 5-7 градусқа дейін жылы болады. 5-нен 6 қараша түні 1- градус аяз, күндіз 2-4 градус жылылық күтілуде», - деп келтірілген дүйсенбіде әкімдік хабарында «Қазгидромет» ақпары.
Тротуарларда, әсіресе әл-Фараби даңғылының жоғары бөлігінде жолдарға, көлік қозғалысы бөлігіне мұз қатуы, көктайғақ болуы мүмкін, сондықтан автоәуесқойлар мен жаяу жүргіншілерден қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтауды сұраймыз.
«Жүргізушілерден көліктерінің дөңгелектерін қысқыға ауыстыруды өтініп сұраймыз. Көлік жүргізуде тәжірибелері аз автоәуесқойлардың мұндай күндері автомобильден бас тартқандары жөн», - деген қалалық әкімдікте

adimage