Алдағы екі тәулікте Астана және Ақмола облыстарында қатты аяз күтіледі

Күні: 16:08, 24-12-2018.

Астана. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – Астана және Ақмола облыстарында алдағы екі тәулікте қатты аяз күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде 25-26 желтоқсанда Ақмола облысында 32-37, кей жерлерде 40 градус аяз күтіледі. Астана қ.: 25-26 желтоқсанда түнде ауа температурасының 35 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%.


Жаңалықтармен бөлісу: