Алдағы екі тәулікте Қазақстанның үш облысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел тұрады және ыстық болады

Астана. 23 шілде. ҚазТАГ – Алдағы екі тәулікте Қазақстанның үш облысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел тұрады және ыстық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл. Күндіз кей жерлерде бұршақ. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Өскемен қ.: 24 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Семей қ.: 24 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді», - делінген сейсенбідегі дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, күндіз 24-25 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде 43 градус өте қатты ыстық сақталады.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%.

adimage