Алдағы екі тәулікте Нұр-Сұлтан мен екі облыста бұршақ жауады деп күтілуде

Күні: 14:26, 01-07-2019.

Астана. 1 шілде. ҚазТАГ – Алдағы екі тәулікте Нұр-Сұлтан мен екі облыста бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қ.: 03 шілдеде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
02-03 шілдеде Ақмола, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші түнде 02 шілдеде кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 02, тәулік бойы 03 шілдеде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с, және одан аса күтіледі.
«Күндіз 02, тәулік бойы 03 шілдеде Ақмола, 03 шілдеде Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жауын шашын күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-98%.


Жаңалықтармен бөлісу: