Астана. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Алдағы екі тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында үсік және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде 25 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Түнде 25-26 қыркүйекте кей жерлерде 1-3 градус үсік, тұман күтіледі. 25 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Күндіз 26 қыркүйекте кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Петропавл қ: түнде 25-26 қыркүйекте топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Күндіз 25-26 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі.
«Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.
Алдағы екі тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында үсік және желдің күшеюі күтіледі
