Алдағы екі тәулікте Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында қатты ыстық күтіледі

Астана. 11 шілде. ҚазТАГ – Алдағы екі тәулікте Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында қатты ыстық күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 11 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 35 градус күтіледі. Күндіз 12 шілдеде кей жерлерде қатты ыстық 38 градус күтіледі. 11 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 43°С қатты ыстық күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратлыған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%.

adimage