Алдағы екі тәулікте Жамбыл облысында қатты жел, тұман және көктайғақ күтіледі

Күні: 10:26, 08-01-2019.

Астана. 8 қаңтар. ҚазТАГ – 8-9 қаңтарда Жамбыл облысында қатты жел, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«8-9 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел тұрады, кей жерлерде 15-20 м/с, ертеңгісін және күндіз 8 қаңтарда, түнде 9 қаңтарда екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сондай-ақ, Таразда ертеңгісін және күндіз 8 қаңтарда, түнде 9 қаңтарда желдің екпіні 15-20 м/с болады, кейде 23 м/с жетеді. Кейде тұман түседі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.


Жаңалықтармен бөлісу: