Алдағы күндері Ақмола және Қызылорда облыстарында қатты ыстық күтілуде

Астана. 11 шілде. ҚазТАГ – Алдағы күндері Ақмола және Қызылорда облыстарында қатты ыстық күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 12-14 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде 45 градус өте қатты ыстық күтіледі. Күндіз 12 шілдеде Ақмола облысының басым бөлігінде, 13-14 шілдеде кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage