Алдағы күндері Алматы мен жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ –Алматы мен жеті облыста алдағы күндері дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«28-29 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. 28 наурызда оңтүстік-шығыстан жел соғады күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 29 наурызда жел соғады түнде басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Петропавл қ: 28 наурызда тұман болады, 29 наурызда көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі. Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95% деп болжауда.
«28 наурызда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с сақталады; Қызылорда қ.: 28 наурыз күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - деді «Қазгидрометте».
28 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жел шығыстан 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 28 наурызда күндіз жел шығыстан 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«28-30 наурыз аралығында күтіліп отырған қатты жауын-шашынға байланысты Түркістан мен Жамбыл облыстарының тау етегі аудандарында, сонымен қатар, 2019 жылғы 30 наурызда Алматы облысының және Алматы қаласының маңындағы аймақтарда баурайлы ағынның пайда болуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. 2019 жылғы 28-29 наурызда қатты жауын-шашын болжамына сәйкес Ақтөбе облысында мұздық құбылыстырдың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі», - деді синоптиктер.

adimage