Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Алматы облысында алдағы күндері ағынды су қалыптасуы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«11-12 желтоқсан аралығында оң мәнді ауа температурасының болжамына байланысты Алматы облысында қар еруі және ағынды судың қалыптасуы мүмкін», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда атап өтілгендей, сейсенбіде, синоптиктердің болжамынша, Алматы облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, оның арты қарға ұласуы мүмкін.
Алдағы күндері Алматы облысында ағынды су қалыптасуы мүмкін
