Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар облыстарында қатты аяз күтіледі

Күні: 16:41, 30-01-2019.

Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар облыстарында қатты аяз күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«1, 2 ақпанда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы минус 27-32, кей жерлерде 35-40 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында түнде ауа температурасы минус 28-33, кей жерлерде 37-42 градусқа дейін төмендеуі күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
31 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, солтүстік-шығыстан ескен желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
«1 қаңтарда Астана қаласында таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90%», - деп ескертті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: