Алдағы күндері Қазақстанның көптеген аймақтарында жаңбыр мен бұршақ жауады

Астана. 23 маусым. ҚазТАГ- Жақын күндері Қазақстанның көптеген аймақтарында жаңбыр мен бұршақ жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет"РМК баспасөз қызметі.
"Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, 24 мамырда Павлодар облысында, 24-25 мамырда Шығыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Алматы облысында қатты жаңбыр күтіледі",-делінген сәрсенбіде таратылған 24-26 маусымдағы ауа райы болжамында.
Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
"Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасы күндіз солтүстікте +17+28 дейін, орталықта +20+35 дейін, солтүстік-батыста +25+40 дейін біртіндеп көтеріледі деп күтілуде", - деп толықтырды синоптиктер.

adimage