Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігінде ыстық күтіледі, ал солтүстігінде қайтадан күн салқындайды

Күні: 15:03, 24-06-2019.

Астана. 24 маусым. ҚазТАГ – Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігінде ыстық күтіледі, ал солтүстігінде қайтадан күн салқындайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Кәдімгідей жаз айы басталды. Республиканың оңтүстігінде ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, оған Иран аймағынан түсетін жылы ауа себеп болады. Алдағы үш тәулікте күндізгі температура 30…35°С, кей жерлерде 37…40°С дейін күтіледі, қиыр оңтүстікте плюс 44°С дейін болжанады. Қазақстанның солтүстік жартысына қысқа мерзімге температураның жоғарылауы мен жауын-шашынның тоқтатылуынан кейін, Ресейдің Еуропалық территориясының солтүстік аймағынан суық атмосфералық фронт жылжыйды. Онымен алдағы күндері жаңбыр, кей жерлерде қатты, найзағай, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған 25-27 маусымға арналған ауа райы болжамында.


Жаңалықтармен бөлісу: