Алдағы күндері Қазақстанның жеті облысында қатты жел мен ыстық болады деп болжануда

Астана. 16 шілде. ҚазТАГ – 16-19 шілде аралығында Қазақстанның жеті облысында қатты жел мен ыстық болады деп болжануда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 16 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Петропавл қ: күндіз 16 солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда
Ақпарға сәйкес, 17 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Петропавл қ: 17 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«Күндіз 17 шілдеде Қостанай облысында кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық, солтүстіктен соққан жел кей жерлерде 18 м/с күтіледі. 17 шілдеде күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-44 градус қатты ыстық сақталады. Шымкент қ.: 17 шілдеде күндіз 40⁰С қатты ыстық сақталады. Түркістан қ.: 17 шілдеде күндіз 42-44⁰С қатты ыстық сақталады», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage