Алдағы күндері Маңғыстау облысында күшті жел күтіледі

Күні: 18:43, 15-01-2019.

Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында күшті жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«16-17 қаңтарда Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 метр секундқа дейін жетуі мүмкін», - делінген хабарда.
Ақпарға сәйкес, Ақтауда 16 қаңтарда 15-20 м/с жел тұрады деп күтілуде, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: