Алдағы күндері Нұр-Сұлтан мен алты облыста ауа райы күрт нашарлайды

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Алдағы күндері Нұр-Сұлтан мен алты облыста ауа райы күрт нашарлайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қ.: 06-07 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 06 желтоқсанда, тәулік бойы 07 желтоқсанда екпіні 25 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Күндіз 06 желтоқсанда, тәулік бойы 07 желтоқсанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. 06 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 06-07 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
«Көкшетау қ.: 06 желтоқсанда кей уақытта бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 07 желтоқсанда түнде және таңертең оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді «Қазгидрометте».
6 желтоқсанда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күшеюі кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%
« 06 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз ауа температурасының 0-5 градус жылы, кей жерлерде 3 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі», - делінген хабарда.
Күндіз 06 желтоқсанда, тәулік бойы 07 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, тәулік бойы 07 желтоқсанда, түнде 08 желтоқсанда Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. 06 желтоқсанда Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 06-07 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
«6 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қостанай қ: күндіз 6 желтоқсанда бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.
6 желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысында күндіз басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерінде 23-28, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
«Петропавл қ: күндіз 6 желтоқсанда жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді «Қазгидрометте».

adimage