Астана. 15 шілде. ҚазТАГ – Алдағы күндері Нұр-Сұлтанда және үш облыста қатты ыстық күтіледі, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 15, 16 шілдеде Ақмола облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Нұр-Сұлтан қ: күндіз 16 шілдеде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», -делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Күндіз 15-16 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 37 градус күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«15 шілдеде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 43°С қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - деді синоптиктер.
15 шілдеде Батыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Тәулік бойы солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қ.: 15 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Алдағы күндері Нұр-Сұлтанда және үш облыста қатты ыстық күтіледі, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін
