Алматы. 15 сәуір. ҚазТАГ – ҚР-дың солтүстігінде 2019 жылдың 19 сәуіріне дейін күндізгі және түнгі ауа райы температурасы төмендейді, жаңбырдың арты қарға ұласады,деп хабарлады Қазгидромет.
«БҚО, Атырау облыстарында 14 мм дейін нөсер жаңбыр жауады, Қызылорда, Жамбыл облыстарында жауын-шашын қалыңдығы 15-20 мм жетеді, Алматы және Түркістан облыстарында 15-27 мм дейін жетсе, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, СҚО, Павлодар, Қарағанды, ШҚО облыстарында 15-20 мм дейін қар және жаңбыр түрінде қалың жауын-шашын күтіледі», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 2019 жылдың 13-19 сәуірі аралығында 27 мм дейінгі нөсер жаңыр жауын ШҚО, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында күтіледі, соның салдарынан беткейлік ағын қалыптасып, облыстағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
«Ақмола облысында Нұра өзенінің жоғары жағынан келетін ағын сулар есебінен Нұра өзенінің ортаңғы және төменгі ағыстарында су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Павлодар облысындағы Ертіс өзенінің ары қарайғы су көлемі Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларының жұмыс режиміне байланысты», - делінген хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, СҚО-да апта бойына күндізгі ауа температурасының +18°С-ден +5°С дейін және түнгі ауа температурасының +3°С-ден -8°С дейін төмендеуі, қалыңдығы 20 мм дейін жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашынның түсуі мүмкін деп болжануда.
«Есіл, Қалқұтан, Жабай, Терісаққан өзендері ағынының көбеюінен және жауын-шашынның түсуі салдарынан 2019 жылғы 14-15 және 22-23 сәуір аралығында су тасқынының 2-кезеңі болады, су деңгейі көтеріледі және Сергевский су қоймасына ағын сулар көлемі артады деп күтілуде», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34