Алдағы күндері СҚО-да тұман, көктайғақ және қатты жел күтіледі

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ – 23-24 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ және қатты жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«23-24 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. 23 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. 24 қазанда желдің күші 15-20, күндіз кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: 23-24 қазанда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 24 қазанда күндіз екпіні 25 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage