Алдағы күндері ШҚО, Павлодар, Жамбыл, Алматы облыстарындағы өзендердің су деңгейінің көтерілуі болжануда

Күні: 14:16, 05-04-2019.

Алматы. 5 сәуір. ҚазТАГ – Алдағы күндері ШҚО, Павлодар, Жамбыл, Алматы облыстарындағы өзендердің су деңгейінің көтерілуі болжанады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«6-8 сәуірде жауын-шашын жаууының болжамына байланысты, кей жерлерде қатты жаңбыр түрінде, ШҚО-да қардың қарқынды еруіне, еріген қар ағындысының қалыптасуына, мұз құбылыстарының әлсіреуіне, өзендер суы деңгейінің көтерілуі және жайылма учаскелеріне шығуына, су басу қаупіне алып келеді», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 2019 жылғы 6-9 сәуірде күндізгі ауа температурасының жоғары болжамына байланысты, Павлодар облысының шегіндегі Ертіс өзенінде мұздың әлсіреуі, мұз кептеліс құбылыстарының пайда болуы, өзендер суы деңгейінің көтерілуі және жайылма учаскелеріне шығуы күтіледі.
«Жаңбыр түсуі болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, 2019 жылғы 6-7 сәуірде Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында буйірлі ағынның қалыптасуы және өзендегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: