Алдағы күндері Қызылорда облысында көктайғақ және тұман күтіледі

Күні: 16:48, 09-01-2019.

Астана. 9 қаңтар. ҚазТАГ – Синоптиктер 10-12 қаңтарда Қызылорда облысында көктайғақ және тұман болатыны туралы ескертті, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«10-12 қаңтарда Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көткайғақ сақталады», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сондай-ақ, синоптиктер хабардар еткендей, өңірде 10-11 қаңтарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: