Алдағы сайлау бойынша әлеуметтік желілерде сауалнама жүргізген қазақстандықтарға айыппұл салынды - бас прокуратура

Астана. 23 мамыр. ҚазТАГ – Алдағы сайлау бойынша әлеуметтік желілерде сауалнама жүргізген қазақстандықтарға айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР бас прокуратарасының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ел Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында заңдылықты, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарының сақталуын ерекше бақылауда ұстауда. Қазіргі уақытта интернет желісінде осы заңның талаптарын бұзушылықтар тіркелді. Нақты айтқанда, «Nur.kz» Интернет-ресурсының меншік иесімен Орталық сайлау комиссиясына міндетті түрдегі хабарлаусыз сауал салу жүргізу фактісі анықталды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде осындай сауал салуларды жүргізу байқалады. Аталған фактілер бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауаптылыққа тартылды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Атап айтқанда, «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауал салған (ӘҚБтК 120-бабы 3-тармағы) Алматы қаласының тұрғыны а.ж. 17 мамырда 15 АЕК мөлшерінде (37 875тг) айыппұл төлеуге тартылған.
«Осыған ұқсас «Facebook» әлеуметтік желісінде жасалған құқық бұзушылық үшін Алматы облысының тұрғыны әкімшілік жауаптылыққа тартылды», - делінген хабарда.
Осыған байланысты, Бас прокуратура азаматтарға сайлау процесі барысында заңдылықты сақтау қажеттілігі және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабында сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзғаны үшін жауаптылық көзделгені туралы еске салады.
«Бұл ретте, азаматтарға мұқият болып, әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын үшінші тұлғаларғдың құқыққа қайшы мақсаттарда пайдалануына жол бермеу ұсынылады», - делінген бас прокуратура хабарында.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде, ал оларды тіркеу 6 мамырда аяқталды. 11 мамырда елде үгіт кампаниясы басталды.
Қазақстандағы басты лауазымға жеті адам таласатын болады, соның ішінде Тоқаев та бар.
.

adimage