Алдағы сайлау заңнамаға сәйкес, ашық, әділ өтеді – Тоқаев

Астана. 20 мамыр. ҚазТАГ - Алдағы сайлау заңнамаға сәйкес, ашық, әділ өтеді, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Алдағы сайлау (ҚР президент сайлауы – ҚазТАГ) заңнамаға сәйкес, ашық, әділ өтеді», - деп келтірген Ақорда Тоқаевтың Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының бақылаушылары миссиясының басшысы Уршула Гацекпен дүйсенбідегі кездесудегі сөзін.
Уршула Гацек Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездескені үшін алғыс айтып, халықаралық бақылаушылар қызметінің басталғаны жөнінде мәлімдеді. Сонымен қатар, Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының өкілдері сайлау үдерісіне мониторинг жүргізуге кіріскенін және Қазақстанның барлық өңірлерінде белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде, ал оларды тіркеу 6 мамырда аяқталды. 11 мамырда елде үгіт кампаниясы басталды.
Қазақстандағы басты лауазымға жеті адам таласатын болады, соның ішінде Тоқаев та бар.

adimage