Алдағы үш күнде Ақмола облысында қар жауып, күн күрт суытады

Астана. 19 қараша. ҚазТАГ – 19-21 қарашада Ақмола облысында қар жауып, күн күрт суытады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«19 қарашада Ақмола облысының түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. 19-21 қарашада Ақмола облысында түнде ауа температурасының 15-20 градус аяздан 25-30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.

adimage