Aстана. 18 қараша. ҚазТАГ – Алдағы үш күнде Қазақстанда қар жауады, бұрқасындатып, көктайғақтанады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Алдағы үш күнде республиканың солтүстік, орталық және шығыс бөлігінің жекелеген аумақтарында қар жауып, бұрқасындатып, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы минус -13-23º градусқа дейін суытып, күндіз -5-10º градус аяз болады деп күтілуде», - делінген ведомство сейсенбі күні таратқан хабарда.
Бұл ретте республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында суық атмосфералық ағымдардың өтуімен жауын-шашындатып, қар жауып, кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
«Бұлтты болып жауын-шашындатуынан ауа температурасы күндіз де, түнде де 0-8 ºС аяз шамасында, ал күндіз плюс 2 мен минус 5ºС шамасында болады», - деп нақтылады синоптиктер.
Метеоқызмет мәліметтерінше, Қазақстанның батыс облыстары арктикалық ауада қалыптасқан антициклон ықпалында болады. «Сондықтан мұнда салқын болады: түнде минус -8-18ºС, күндіз - 2-10ºС аяз болады», - дейді синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда тау арасында жоғалып кеткен алматылық тик-токер табылды8 Маусым 2023, 19:33
-
Павлодарда алаяққа сенген зейнеткер 30 мың долларынан айырылды8 Маусым 2023, 19:27
-
Мемлекет басшысы ЕҚДБ президентімен кездесу өткізді8 Маусым 2023, 19:23
-
Тоқаев Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты8 Маусым 2023, 10:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде тұрақсыз ауа райы күтіледі8 Маусым 2023, 10:03