Алдағы үш күнде Қазақстанда бұлтты ауа райы күтіледі

Астана. 25 қараша. ҚазТАГ – Алдағы үш күнде Қазақстанда бұлтты ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Кезең ішінде Қазақстан аумағында бұлтты ауа райы болады. Қар жауады, бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел және температураның ауытқуы күтіледі», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, бұл ауа-райы оңтүстік циклонның шығуына және онымен байланысты фронтальды бөлімдерге әкеледі.

adimage