Алдағы үш күнде Қазақстанда күн жылиды

Астана. 16 қаңтар. ҚазТАГ – Синоптиктер Қазақстанда 17-19 қаңтарда ауа райы жылиды деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Иран аймағынан Қазақстан территориясына жылы ауа массаларының енуінен, барлық өңірлерде 5...15 градусқа климаттық нормадан жоғары ауа температурасы сақталуда», - делінген хабарда.
Ақпарға сәйкес, соған қарамастан алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонымен республиканың солтүстік жартысында қар, бұрқасын, оңтүстік жартысында - жаңбыр, жылбысқы қар, көктайғақ және тұман күтіледі, бұрынғыдай нормадан жоғары ауа температурасы сақталады

adimage