Алдағы үш күнде Қазақстанда жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді

Күні: 15:40, 20-02-2019.

Астана. 20 ақпан. ҚазТАГ – Алдағы үш күнде Қазақстанда жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Көктемгі процестерге тән барикалық құрылымдардың тез ауысуын ақпан айында байқаймыз. Өткен тәулікте қар жауып, боран, күшті батыс желдері және Қазақстанның көптеген облыстарда жылу тудырған циклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжыды. Оның орнына Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүстік-батыс аудандарынан антициклон жылжып, онымен бірге жауын-шашын тоқтап және ауа температурасының төмендеуі күтіледі», - делінген 21-23 ақпанға арналған сәрсенбіде таратылған ауа райы болжамында.
Бұл ретте атап өтілгендей, ол өзгерістер ұзаққа созылмайды. Қазақстанға кезекті жауын-шашын мен жылу әкелетін келесі Атлантикалық циклон қалыптасуда.


Жаңалықтармен бөлісу: