Астана. 22 шілде. ҚазТАГ – Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр және бұршақ жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде төмен атмосфералық қысыммен жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі», - делінген хабарда.
Ал нөсер жаңбыр, бұршақ солтүстік-батыста, солтүстікте, 24-25 шілдеде батыста, 25 шілдеде орталығында күтіледі.
Күндіз ауа температурасы еліміздің шығысында +30+35℃ дейін, оңтүстігінде +38+43℃ дейін, оңтүстік-шығысында +31+37℃ дейін жоғарылауы болжанады.
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр және бұршақ жауады
