Алдағы үш күнде Қазақстанның басым облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады

Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ – Синоптиктер 19-21 наурызда Қазақстанның басым облысында жауын-шашын болмайды деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Еліміздегі антициклон алдағы үш күнгі ауа райын анықтайды. Сондықтан республиканың көптеген өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз күтіледі, ал түнгі және таңғы уақыттарда көріну қашықтығы 500 м-ден төмен болатын тұман сақталады. Тек қиыр батыс және оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронт әсерінен жауын-шашын күтіледі, ал оңтүстікте өткінші жауын мен найзайғай болады. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын, ал оңтүстігінде 5...7° C жоғары», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.

adimage