Алдағы үш күнде Қазақстанның басым облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ – Синоптиктер 12-14 ақпанда Қазақстанның басым облысында жауын-шашын күтілмейді деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республикамызда өткінші температураның төмендеуіне себеп болған солтүстік-шығыс тропосфералық ағындары батыс және оңтүстік-батысқа ауысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы климаттық мәнге жақын болады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Ақпарға сәйкес, республикамыздың оңтүстік облыстары арқылы циклон жылжып, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа температурасының жоғарылауын және жауын-шашын тудыратын болады. Ал Қазақстанның қалған аймағы антициклонның ықпалында жауын-шашынсыз ауа райында болады.

adimage