Алдағы үш күнде Қазақстанның батыс аймақтарында күн күркіреп, жаңбыр жауады

Күні: 12:24, 23-08-2019.

Астана. 23 тамыз. ҚазТАГ - 24-26 тамызда Қазақстанның батыс аймақтарында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Атмосфералық ағымдары бар циклон Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аймақтарынан Қазақстанға қарай жылжып келеді, онда батыс өңірлерде жаңбыр жауып, күн күркіреп, көптен күткен ыстық бәсеңсыйдыҚазіргі + 35 + 40-тан кейін тәуліктік ауа температурасы + 20 + 30 градусқа дейін төмендейді», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Болжам бойынша, республиканың солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді.
«Қазақстанның оңтүстік-шығысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Қалған аумақтарда демалыс күндері жауын-шашынсыз болады, орталықта және шығыста күндіз ауа температурасы + 25 + 35 дейін көтеріледі деп күтілуде», - делінген хабарламада.


Жаңалықтармен бөлісу: