Алдағы үш күнде Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында күн күркіреп, екпінді жел тұрады

Астана. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – 25-27 қыркүйек аралығында Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында күн күркіреп, екпінді жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Республиканың батыстан басқа облыстарының көпшілігінде жаңбыр шақырған циклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай ығысты. Ал Қазақстанға керісінше, антициклон жылжыды. Алайда ол ұзаққа тұрақтап қалмайды. Батыс облыстарға салқын атмосфералық фронттар ығыса бастады. Осыған байланысты, алдағы үш тәулік бойы батыс және солтүстік-батыс облыстардың кей жерлерінде найзағай аралас жаңбыр жауып, батыстан екпінді жел соғады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.  
Ал Қазақстанның басқа өңірлерінде бұл күндері қазіргі маусымға тән климаттық нормадан жоғары температурадағы жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», делінген хабарламада.


adimage