Алдағы үш күнде Қазақстанның бірнеше аймағында жылыну болады

Астана 18 қыркүйек. ҚазТАГ - Алдағы үш күнде Қазақстанның бірнеше аймағында күн жылы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Иранның аймақтарынан кеңінен таралған жылы ауа Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс аймақтарында ауа температурасының одан әрі көтерілуіне себеп болады. Алдағы үш күнде жазғыдай ауа райы келіп, күндіз ауа температурасы + 23 + 30, оңтүстікте + 30 + 35 градус жылы, жауын-шашынды болады», - делінген сәрсенбіде 19-21 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамында.
Республиканың батыс және солтүстік облыстарында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа температурасы төмендейді, кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейеді, синоптиктердің болжамынша бұршақ жаууы мүмкін.

adimage