Алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстігіндегі ауа температурасы солтүстүстік өңірлердегідей, салқын болады – синоптиктер

Күні: 13:31, 07-11-2014.

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Алдағы 3 күнде Қазақстанның оңтүстігіндегі ауа температурасы солтүстүстік өңірлердегідей, салқын болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Қазақстанның циклон ықпалында қалған оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы ауа райы қазір республиканың солтүстік өңірлеріндегіден айырмашылығы жоқ, және алдағы үш күнде екі өңірдегі де ауа температурасы мен жауын-шашындарында айтарлықтай айырмашылығы болмайды», - делінген ведомствоның жұма күні таратқан хабарында.
Сондай-ақ ведомство хабарында «бүгіннің өзінде Батыс Сібірден ығысқан арктикалық суық ауа ағымының ықпалынан ауа температурасы суытып, жауын-шашындатып, арты қарға айналады, тұман түсіп, көктайғақтанады» деп айтылған.
Синоптиктердің мәліметтерінше, демалыс күндері осындай ауа райы сақталады.
«Дүйсенбі күні республика аумағына Скандинавияның солтүстік аудандарында қалыптасқан салқын антициклон кіреді. Аздап жауын-шашындатып, ауа температурасы 2-7 ºС салқындап, түнде кей жерлерде минус  10-15ºС аязға дейін суытады», - деп көрсетілген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: